Жаңалықтар тізбегі
0

Бір топ адам жер тепкілеп, дау көтерсе - мемлекет неге ығына жығыла салады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2020 21:25 видеодан кадр
Жалпы елдің, мемлекеттің мүддесі бірінші орында тұруы қажет қой.

Соңғы айлардағы түрлі жағдайларға қарасақ, бізде мемлекет өз позициясынан айырылып, жүрісінен мүлде жаңылып қалған сықылды, деп пайымдайды желіде Марат Борықбай.

Бір топ адам жер тепкілеп, дау көтерсе болды ығына жығыла беруі неткені? Бұлай кете берсе мемлекет те,мемлекеттік түрлі органдар да түкке қажеті жоқ болып шығып,елді анархия мен хаос жайламай ма, деп алаңдайды ол.

Көпшіліктің, жалпы елдің,мемлекеттің мүддесі емес, түрлі жәйттерге байланысты мүдделі топтардың,елдің азғана бір бөлігінің ғана ыңғайына жығыла берсе,онда ол түбінде өзге қалған елдің, көпшіліктің жалпы наразылығын тудырары да, елге де, мемлекетке де, мемлекеттілікке де зиянын тигізіп, түбі жарға жығары анық.

Мемлекет айтты ма, заң бар ма, белгілі қалыптасқан қалып бар ма, соны ұстау, жалпы елдің, мемлекеттің мүддесі бірінші орында тұруы қажет қой.

Соның бірі күні кеше айтылған тірі малды шетке шығармау. Айтылды ма,шұғыл әрекет жасау қажет қой. Одан құлақтанған тасымалдаушылар еселеп тасып жатыр, жабылмай тұрып басып тасып алу жолында.
Бір топ шуылдап қарсылық көрсетті, болды үні өшті ол шешімнің. Тізбелі реакция ғой мұның бәрі, - дейді ол.

Түрлі саладағы,түрлі тауар да,өнім де ,қызмет те,өзге де осылай біріне-бірі байланысты болғандықтан қымбаттаған үстіне қымбаттауда. Ел не істейді, болашағы не болмақ. Бір топ ұтып жатса, қалған көпшілік тек ұтылып жатқаны.

Мемлекеттік билік өз позициясында нық тұрмаса,кері шегіне берсе,онда орнын өзге тегеурінді,тепкісі мықты жандарға беруі тиіс. Айтпа орындай алмасаң, нені айтсаңдар да. Айттыңдар ма,онда іске асырыңдар. Жөпелдемеде сасқалақтап асығыс шешімдер қабылдап, онан ары батпаққа бата берместен,ойланып,ойласып, елмен де, мемлекеттік мүмкіндікпен де санасып барып қана шешімдер, заңнамалар қабылдау қажет қой. Төменгі буындарды подставлять етіп отыра бергеннен жоғары жақтағылар, жылы орынға тығылып, ертең мемлекет ұтылады, деп жазады ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: