Даниэль Мальдини шықты. Оның әкесі мен атасы "Миланда" 995 матч өткізген
Getty Images
Аңызға айналған Паоло Мальдинидің ұлы үшін бұл А сериясындағы дебюттік матч болды.
Даниэль Мальдини әкесі Паоло мен атасы Чезаренің жолын қуыпты, деп жазады eurosport.
"Милан" кеше Италия чемпионатының 22-ші турында "Веронамен" 1:1 есебімен тең ойнады.
Екінші таймның қосымша уақытында алаңға "россонеридің" 18 жастағы шабуылшысы Даниэль Мальдини шықты. Аңызға айналған Паоло Мальдинидің ұлы үшін бұл А сериясындағы дебюттік матч болды.
Паоло Мальдини мен оның әкесі Чезаре Мальдини екеуі "Милан" сапында жалпы саны 995 матч өткізген (Паоло – 647, Чезаре – 347). Екеуі де капитан болған, скудеттоны да алған, Чемпиондар лигасының кубогын та төбесіне көтерген.
Ал Даниэль Мальдини Милан сапында А сериясында ойнаған 2000-шы жылы туған тұңғыш футболшы болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript