Жаңалықтар тізбегі
0

Семейдегі халықаралық әуежайға Абай есімі берілді

facebook.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2020 15:34 facebook.com
Семей қаласына түскен әрбір адамға Абай жеріне келді деген бойында сезім пайда болуы үшін деп халық бұл ұсынысты қолдады.

Ол енді ресми түрде "Семей халықаралық әуежайы" ЖШС деп аталады. Жергілікті атқарушы билік өкілдері мен қоғамдық ұйымдардың бұл ұсынысын республикалық ономастикалық комиссия қолдап, түпкілікті шешім шығарды, деп хабарлайды "Хабар-24".

Былтыр бұл нысан "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы қайта жаңғыртылып, оған республикалық бюджеттен 10 миллиард теңгеден артық қаражат бөлінген. Тарихи қалада қазір сондай-ақ орталық көше, қазақ драма театры, әмбебап кітапхана және музей данышпан ақынның атымен аталады.

Анаргүл Бүркітбаева, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:

- Семей қаласы мен Абайдың өмірі тығыз байланысты. Абай осы Семей қаласында білім алды. Одан кейін Семей қаласына тұрақты келіп, қоғамдық қызметі, бірнеше қоғамдық ұйымдарға мүше болған болатын. Сондықтан Абай есімі Абайдың аяғы тиген, ізі қалған жер болған және бұл осы Семей қаласына түскен әрбір адамға Абай жеріне келді деген бойында сезім пайда болуы үшін деп халық мұны тұрғындар тарапынан қолдау табылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: