ЕАЭО кеңістігінде ақша алып жүрудің жаңа ережесі іске қосылды
Еуразиялық экономикалық комиссия 2019 жылдың тамыз айында ақша тасымалдаудың жаңа ережелері туралы шешім қабылдады. Енді 100 мың доллардан асатын ақшаны тек декларациялап қана қоймай, оның қайдан келгенін растайтын құжаттар болуы керек, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл талап ақшаға айналдыруға болатын чектерге, вексельдерге және тіркелмеген бағалы қағаздарға да қолданылады.
Қаражаттың пайда болуын растау үшін ақша операциялары, шоттан ақшаның алынғанын растайтын түбіртек, несие алу немесе азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуды растайтын құжаттар (мысалы, мұра немесе сыйлық) туралы банк құжаттарын ұсыну қажет.
ЕЭК бұл өзгерістер терроризмді қаржыландыруға немесе қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға пайдаланылатын қолма-қол ақшаның қозғалысын шектеуге бағытталған. Аталған ереже ЕАЭО-ға барлық мүше елдерге - Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения және Қырғызстанға қатысты қолданылады.