Ұлттық қордан қаңтарда бөлінген трансферт көлемі 575 млрд теңгені құрады
2020 жылы қаңтарда Ұлттық қордан бөлінген кепілдендірілген трансферттердің көлемі 575 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Кепілдендірілген трансферттерді бөлуде, ең бірінші кезекте, 2019 жылдың қараша және желтоқсан айларындағы нетто-түсімдердің арқасында толыққан Ұлттық қордың теңгелей салынған шотындағы қалдық ақшаны пайдалану мақсат етілді", делінген хабарламада.
Осылайша, теңгелей шоттағы қалдық ақша мен 2020 жылы қаңтарда Ұлттық қорға түскен түсімдерді ескере отырып, кепілдендірілген трансферттерді бөлуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк жалпы сомасы 489,4 млн АҚШ долларды (185,9 млрд теңге) құрайтын Ұлттық қордың валюталық активтерін айырбастау операцияларын жүргізді.
Ұлттық банк атап өткеніндей, Ұлттық қордың конвертацияланған және трансфертке бөлінген ақшаларының көлемі туралы ақпарат ай сайын ресми интернет-ресурста «Статистика» бөлімінде жарияланады және онда өткен айдағы ақша аударымдары мен транзакциялар көлемі туралы егжей-тегжейлі мәліметтер беріледі.