ШҚО әкімдігі басшыларының 35 млн теңге пара алғаны ашылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.
Олар "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" аясында жәрдемдесу мен жалпы қамқорлық үшін ЖШС өкілінен 35 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Аталған лауазымды тұлғалар мен ЖШС өкілі ұсталып, Өскемен қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе қарастырылуда.
Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.