Жаңалықтар тізбегі
0

Кербұлақ және Қарасай ауданында шенеуніктер жемқорлық күдігіне ілінді

Эхо Казахстана, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2020 15:00 Эхо Казахстана
Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Алматы облысының Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының басшысы жымқыруда күдікке ілінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының басшысы мен ЖШС өкіліне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Алматы облысы Кербұлақ ауданында орналасқан объектілер бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуге бөлінген шамамен 5 млн теңге (4 930 548 теңге) мөлшердегі бюджет қаражатын иемдену және жұмсау арқылы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін күдікке ілінді.

Сонымен бірге, Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасауда күдікті болды.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша облыстың Қарасай ауданы әкімінің орынбасары мен ЖШС өкіліне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар Алматы облысы Қарасай ауданындағы "Жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы шамамен 660 млн теңге (656 075 430 теңге) болатын 2-кезекті құрылыс нысанын салуда жалпы қамқорлығы үшін ЖШС өкілінен мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шарт сомасынан шамамен 33 миллион теңгеге жуық (32 543 424 теңге) аса ірі көлемде пара алуда және беруде күдікке ілінді.

Тергеу жалғасуда.

Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: