Алматыда бір террорист полицейлерге "қанды соғыс" ашпақ болды
24.kz
Қазақстан азаматы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы күштік, зорлық әрекет жасауға әрекеттенген.
Парламент Сенатында ҚР Қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков үш теракт әрекетінің жолы кесілгені туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
– Былтыр Алматыда теракт жасамақ болған үлкен топты ұстадық. Олардың бәрі сотталды, жеті адам болатын. Тағы бір факт – Қазақстан азаматы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы күштік, зорлық әрекет жасауға әрекеттенген, – деді Білісбеков.
Оның сөзінше, екінші оқиға да "Алматы өңірінде" өткен жылдың ортасында орын алған.
– Үшінші жағдай Қарағандыда болды, – деп қосты ҰҚК тқрағасының орынбасары.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript