Жаңалықтар тізбегі
0

Дариға Назарбаева Қордайда қайтыс болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2020 23:02 zakon.kz
Кінәлілер заңға сәйкес тиісті жазасын алуы керек.

Дариға Назарбаева Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған оқиға кезінде қайтыс болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының төрағасы осы оқиға кезінде зардап шеккендерге тез сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

"Қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккен жандардың тез сауығып кетуіне тілекшімін. Қазақстан халқы үшін бейбітшілік пен келісім басты құндылық болып табылады. Біз бүгін қаза болған жандарды қайғыра еске ала отырып, қоғам үшін бейбітшілік пен келісімнен маңызды ештеңе жоғын ерекше түсінеміз. Осы құндылықтарды өз өміріміздей сақтау әрқайсысымыздың міндетіміз. Арандатушылар мен тонаушылар – адамдардың қаны мен қайғысына өмір сүретін қылмыскерлер. Қордай ауданында үкіметтік комиссиямен бірге ҚР Парламенті Сенатының депутаттар тобы жұмыс істеуде", - деді Дариға Назарбаева.

7 ақпанда Жамбыл облысы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болып, оның видеосы желіде жаппай тарай бастады. Президент бұл жайтқа байланысты сол күні мәлімдеме жасады.

8 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен арнайы баспасөз мәслихатында бұл оқиға жайлы баяндалды. 7 қаңтарда кешкі сағат 19.00 шамасында Қордай ауданы маңында 70-ге жуық жігіт жиналып, топ болып төбелескен. Төбелес салдарынан сегіз адам қайтыс болды, 40-тан аса адам адам жарақат алды.

9 ақпанда тағы екі адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жаппай тәртіпсіздік салдарынан 30-дан астам жеке үй, 15 сауда нысаны және 23 автокөлік бүлінген. 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, екі аңшы мылтығы тәркіленді. Осы қайғылы оқиғада мерт болған адамдардың туған-туыстарына Қазақстан Президенті қайғырып көңіл айтты әрі осы мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, объективті бағасын беру үшін үкіметтік комиссия құрып, бірқатар тапсырма беріп, Жамбыл облысына аттандырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: