Мәжілісмендер бір күндік жалақысын Қордайда зардап шеккендерге аударды

Қаражат аудан тұрғындарының тіршілігін, бүлінген үйлерді, инфрақұралымдарды қалпына келтіруге бағытталады.
Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы бір күндік еңбек жалақыны Жамбыл облысы, Қордай ауданында болған қайғылы жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін аудару туралы Қаулы қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап..
Қаражат аудан тұрғындарының тіршілігін, бүлінген үйлерді, инфрақұралымдарды қалпына келтіруге бағытталады.
Мәжілістің бір топ депутаттары қазіргі уақытта үкіметтік комиссиямен бірге Қордай ауданында жұмыс істеуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript