Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2020 00:16 Ақорда
Кадрлық ауыс-түйіс еліміздің қауіпсіздік саласында болды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгеріс жасады, деп хабарлайды zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:


Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен;

Андрей Анатольевич Калинин – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен:

Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары;

Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі;

Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: