Қытайдан тағы 217 Қазақстан азаматы оралды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2020 17:56 Хабар 24
Қытайдың 36 қаласында болған қазақстандықтарды әкелген ұшақ Нұр-Сұлтан қаласына қонды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Ухандағы коронавирустық инфекцияның ушығуына байланысты Қытайдан оралған қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Сондай-ақ, бүгін кешкі сағат 6:05-те Бейжіңнен Нұр-Сұлтанға Қытайдың 36 қаласынан 217 Қазақстан азаматтары оралды, - деді Біртанов.

Оның айтуынша, олардың барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін кемінде 3 күн мерзімге ауруханаға жатқызылған.

Денсаулықтары қанағаттанарлық деңгейде. Бұл бағытта қолға алынған жұмыстар әлі жалғастырылып жатыр, - деді министр.

Сонымен бірге, облыс әкімдеріне қаратып айтқан сөзінде министр халықты коронавирустық инфекциядан әрі қарай қорғауды қамтамасыз ету үшін мынандай жағдайлар қолға алынуы керектігін айтты: медициналық бақылауды жалғастырып, қажет болса науқасты 14 күнге дейін карантиндге ауруханаға жатқызу қажет. Тиісті нұсқаулар жергілікті денсаулық сақтау басқармаларына жіберілді. Сондай-ақ коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді жалғастыру керек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: