Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында полиция халыққа мал тасымалдау тәртібін түсіндірді

mgorod.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2020 14:16 mgorod.kz
Полицияның нәтижелі жұмысының арқасында 148 мал ұрлығына қатысы бар 76 қылмыстық топ ұсталып, жауапкершілікке тартылды.

Мал тасымалдаудың қарапайым ережелерін сақтамау қолданыстағы заңнама талаптарын бұзуға әкеліп, тасымалдаушы азаматтар жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осындай фактілердің алдын алу және болдырмау мақсатында біз тұрақты негізде мақсатты рейдтер мен алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. Осы шаралардың бірі - "Мал ұрлығы" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын 24-28 ақпанда өткізу жоспарлануда. Аталған шара барысында кез-келген малды тасымалдау, оның ішінде көлікпен тасымалдау басты назарға алынады",- деп хабарлайды облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Мейір Демеубаев.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы "Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" № 7-1/453 бұйрығына сәйкес берілетін №1 нысандағы анықтама болуы тиіс. Осы анықтама біріздендіру жөніндегі деректер базасында бар жануардың ветеринариялық паспорты мен жеке нөмірінің болуына байланысты өтініш берілген күні рәсімделеді және беріледі. Анықтама тағайындалған орынға дейін берілген күннен бастап бір ай бойы жарамды. Жоғарыда айтылғандарды қамтитын полиция қызметкерлері: 1) № 1 нысандағы анықтаманың; 2) ветеринариялық паспорттың; 3) жануардың жеке нөмірі бар сырғаның болуын тексереді.

"Тәртіп сақшылары тарапынан қабылданған шаралар бұл қылмыс түрінің ашылуын 2018 жылмен салыстырғанда 59,1 пайызға жақсартуға мүмкіндік берді. Оның ішінде өткен жылы 2,7 есе жақсарған. Полицияның нәтижелі жұмысының арқасында 148 мал ұрлығына қатысы бар 76 қылмыстық топ ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, келтірілген материалдық шығынның өтелуі 34,9% құрады. 2018 жылы келтірілген шығынды өндіру 64 750 000 теңге болса, 2019 жылы - 117 582 000 теңгені құрады", - деп толықтырды полиция майоры Мейір Демеубаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: