Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында құжатсыз мал таситын жүргізушілерге тықыр таянды

stapravda.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2019 22:10 stapravda.ru
Ұсталып қалған жүргізушілер 8 миллионнан астам теңгенің айыппұлын арқылады.

Алматы облысының тәртіп сақшылары тиісті қызметтермен бірлесе отырып, облыс аумағында қажетті құжаттар жоқ болса да мал тасымалдаудың 656 дерегін анықтаған. Аталған деректер бойынша 277 материал толтырылған. Заң талаптарын орындамаған жүргізушілерге 8 миллион 92 мың теңгенің айыппұлы салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полицейлер мал ұрлығының алдын алу мақсатында мал және ет өнімдерін тасымалдауды қатаң бақылауға алған. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар бойында посттар қойылып, тасымалдауға тиісті құжаттар жіті тексеріледі.

"Еңбекшіқазақ ауданында мал тасымалдаушының тиісті құжаттарын тексеру барысында малдың құжаттары күдік тудырып, полиция қызметкерлері мал ұрлығын кәсіп қылған қылмыстық топты ұстады. 5 адамнан тұратын барымташылар тобынан 40 жылқы тәркіленді", - деп атап өтті полицейлер.

Сонымен қатар, аталған топ өкілдерінің мал ұрлығының 18 дерегіне қатысы бары анықталды. Оның 5 фактісі ауыр қылмыстар санатына жатқызылды.

Тәртіп сақшылары өзгенің малын қолды қылған тұлғаларды анықтауға бағытталған "Мал ұрлығы" жедел алдын алу іс-шарасын алты мәрте өткізіп, 237 қылмысты әшкере қылған. Оның 102 дерегі бұған дейінгі жылдары жасалған қылмыстар екенін атап өту қажет.

Полицейлер ақпаратына сәйкес, осындай алдын алу шаралары арқылы облыстағы мал ұрлығы 20 пайызға төмендеп, былтырғы жылмен салыстырғанда қылмысты ашу көрсеткіші 11 пайызға артқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: