Исламхан Чемпиондар лигасын масқара жеңіліспен бастады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2020 14:34 видеодан кадр
Исламхан 90 минут бойы алаңда болды, бірақ пәлендей көзге түскен жоқ.

Бауыржан Исламхан ойнайтын "Аль-Айн" азиялық Чемпиондар лигасының алғашқы турында өз алаңында Иранның "Сепаханынан" 0:4 есебімен ұтылды, деп хабарлайды zakon.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Исламхан алғаш рет "Аль-Айн" сапында алаңға алғашқы минуттардан бастап шықты.

38-ші минутта "Сепахан" сапынан Мохаммад Мохеби есеп ашып кетті. 46-шы минутта ирандықтардың бразилиялық шабуылшысы Кирос есепті еселеді. 52-ші минутта Соруш Рафиели "Аль-Айнға" үшінші топты тықса, 78-ші минутта кездесудің нүктесін Мохаммад Таеби қойды.

Нәтиже сол – "Аль-Айн" 0:4 есебімен оңбай ұтылды.

Исламхан 90 минут бойы алаңда болды, бірақ пәлендей көзге түскен жоқ.

Азиялық Чемпиондар лигасының D тобында "Аль-Айн" мен "Сепаханнан" бірге "Аль-Наср" (Сауд Арабиясы) және "Аль-Садд" (Катар) ойнайды.

"Аль-Айн" келесі кездесуін 14-ші ақпанда БАӘ чемпионатында "Иттихадқа" қарсы өткізеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: