Жаңалықтар тізбегі
0

Елорда әкімі тасқынның алдын алуға арналған кешенді жоспарды бекітті

astana-akshamy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2020 20:59 astana-akshamy.kz
Кешенді жоспар бойынша штаб құрылып, қаладағы кәріз жүйелері мен арықтарды судан тазарту жұмыстары басталды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов тасқынның алдын алуға арналған кешенді жоспарды бекітті, деп хабарлайды zakon.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешенді жоспар бойынша штаб құрылып, қаладағы кәріз жүйелері мен арықтарды судан тазарту жұмыстары басталды.

Ал штаб төрағасы болып қала әкімінің орынбасары Ермек Қизатов тағайындалды. Штаб мақсаты – өзен аңғарлары мен кәріздердегі су мөлшерін анықтап, алдын ала шара қолдану.

"Су тасқынының қаупін сейілту үшін қосымша күштерді мобилизациялау қажет. Қаланың коммуналдық қызметі жұмысты күшейтілген режимде жалғастырады. Әсіресе әлеуметтік нысандар мен жеке секторлардағы қарды шығаруға баса назар аударылады. Бөгет орнату жұмысын да бақылауд ұстау керек. Қысқы уақытта жауған қар көлемі рекордтық көрсеткішке жетті. 3 боран болды. Әлі де атқаратын жұмыс көп. Ақпан, наурыз бойы коммуналдық қызмет күндіз-түні жұмыс істейтін болады", – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Жалпы, қыс басталғалы бері қаладан 3,5 млн текше метр (280 мың рейс) қар шығарылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға артық.

Жүк көліктері тәулігіне 2,5 мың рейс жүргізуде. Күн сайын қаланы шамамен 2 мың техника мен 1,5 мың жұмысшы қардан тазартуда. Айта кетсек, Боран мен қалың қар кезінде мердігер ұйымдардың қосымша техникалары да тартылуда.

Сонымен қатар қыс басталғалы бері қар тазалау жұмыстарын дер кезінде жүргізбегені үшін тұрғын үй қорына қызмет көрсететін 100-ден аса ұйым мен 260 шағын және орта кәсіп нысаны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 4 млн 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сол сияқты әкімдік міндетін дұрыс атқармаған 10 мердігермен келісімшартты бұзған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: