Бақауов ісінде жаңа деректер пайда болды
Тергеу органдары Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовтың ісіне қатысты косымша фактілерді ашты, деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші бөлімінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
- Бақауов ісі туралы. Бұл істі ҰҚК және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен тергеу тобы тексеріп жатқанын білесіздер. Іс тергелуде. Қосымша фактілер анықталуда, күдіктілердің тобы анықталуда. Егжей-тегжейлі толық түсініктеме келесі аптада беріледі, - деді Биғайдаров.
15 қаңтарда ҰҚК қызметкерлері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовты ұстағаны туралы ақпарат пайда болды. Кейін оның үстінен облыстың жоғары лауазымды шенеунігі арыз жазғаны белгілі болды.
16 қаңтарда Павлодар облысының әкімдігі Бакауовқа қатысты іс бойынша мәлімдеме жасады, онда олар тергеу әрекеттері мен қылмыстық іс туралы түсініктеме бере алмайтынын жеткізген.
17 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен екі айға қамауға алынды. Іс Бас прокурордың бақылауында.