Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2020 20:55 Ақорда
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы қаңтар айындағы қаржы-кредит саясатының жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды.

Ерболат Досаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімдеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудың 2019 жылғы есебі берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: