Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2020 00:09 Баспасөз қызметі
Бұл лауазымды қызметке Әли Алтынбаев келді.

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің (ЭТД) басшысы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл 14 ақпанда ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары Дәулет Ақылбеков Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды ЭТД баспасөз қызметі.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың бұйрығына сәйкес, бұл қызметке Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы тағайындалды.

Сонымен қатар, ҚР Қаржы министрлігі ҚМК төрағасының бұйрығымен Жүзенов Бақтияр Абайұлы Алматы қаласы бойынша ЭТД басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымына таныстыра отырып, Дәулет Ақылбеков департаменттің атқарған жұмыстарына көңілі толатынын және комитет басшылығына алға қойған міндеттерді орындауда тиімді және нәтижелі жұмыс тіледі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2020 00:09

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: