Түркіменстан коронавируспен күресте үйсіз-күйсіз жануарлардың көзін жоюда
Ашхабадта қоғамдық қызмет пен үй шаруашылығына жауапты мекеме басышлары қаңғыбас жануарларды жою туралы бұйрық алды. Бұл - коронавируспен күрес аясында қабылданған шешім, деп хабарлайды zakon.kz.
"Азатлык" хабарлағандай, 11 ақпанда Багтыярлык ауданының әкімшілігі Тұрғын үй коммунальдық үй әкімшілігі өкілдерін жинап алып, "коронавирус тасымалдаушыға айналу қаупі бар болғандықтан, көшеде жүрген қаңғыбас жануарларды, оның ішінде мысықтардың да көзін жою" туралы бұйрық түскенін жариялады.
Осыған ұқсас нұсқаулар басқа облыстардың әкімшілігінде де жарияланды ма, ол жағы белгісіз.
Ашхабад билігі үйсіз жануарларды аулауға қатысты ресми түрде түсінік берген жоқ. Жануарларды қорғаушылар Ашхабад көшелерінде иттер мен мысықтарды жаппай аулау, улау және өлтіру туралы бірнеше рет мәселе көтерген. Тіпті елдегі қаңғыбас жануарлардың жойылуына қарсы қол жинау жарияланды, бірақ билік мұндай наразылықтарды елемей келеді.