Ресей және армян нөмірлі 240 автокөлік қамалды – Атырау облысында "аулау"

azh.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2020 22:47 azh.kz
Айып тұрағына қамалған 270 автокөліктің 240-ы – "ресейлік" және "армениялық" болып шықты.

Атырау облысында 8-16 ақпан аралығында жүргізілген "Борышкер" жедел алдын алу шарасының аясында 20 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілді, деп хабарлайды zakon.kz Ақ Жайыққа сілтеме жасап.

Шараның негізгі мақсаты – ескі айыппұлдарын төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерді "аулау" болған. Төленбеген айыппұлы бар 270 жүргізуші анықталды – олардың көліктері айып тұрағына кетті.

ДП баспасөз қызметінің ақпаратынша, ол көліктердің ішіндегі 170-тен астамы Ресей Федерациясында тіркелген, тағы 70-ке жуығы Армения Республикасында тіркелген болып шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: