Жаңалықтар тізбегі
0

Ауылшаруашылығы министрлігінің экс-шендісі 5 жылға сотталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2020 15:19 zakon.kz
Ислам Әбішев бір жыл бұрын қамауға алынған.

Елорда соты Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевті бес жылға түрмеге тоғытуға үкім кесті. Сондай-ақ, экс-шенеунікпен бірге оның сыбайласы – Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бұрынғы вице-президенті де төрт жылға абақтыға қамалды, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Пайғамбар жасынан асқан Ислам Әбішев пен Серік Төкеев қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтейтін болады. Және олардың белгілі бір лауазымда жұмыс жасауына тыйым салынады. Әбішевтің қолына былтыр наурыз айында кісен салынған. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген. Экс-шенеунік Солтүстік Қазақстандағы "Соколов" су құбырын жөндеп, Қызылжар ауданына су тартуға әлдебір компанияға "тендер ұтып берген" дейді тергеушілер. Бұл қызметіне 60 миллион теңге ауызбастырық алған көрінеді. Бірақ, параны тікелей емес, бүгін бірге сотталған Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік Төкеев арқылы алдыртқан. Нұр-Сұлтан қалалық сотында өткен бүгінге сот отырысына журналистер қатысқанымен, бейнекамераға түсіруге рұқсат берілген жоқ", - дейді телеарна тілшісі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: