Жаңалықтар тізбегі
0

Бақауовтың бұрынғы орынбасарына Үкімет Кеңсесінен лауазымды қызмет бұйырды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2020 15:47 primeminister.kz
Ол ҚР Премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

ҚР Премьер-министрінің Өкімімен Қабыкенов Арыстан Кенжетайұлы ҚР Премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкіметтің ресми сайтында дерекке сүйенсек, Арыстан Қабыкенов 1980 жылы 11 қазанда Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2004 жылы — КИМЭП, 2012 жылы Ноттингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы жекеменшік секторда бастаған.

2004–2006 жылдары Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарда болды. 2006–2008 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды. 2008–2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2011–2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық жобалар және талдау орталығында, Өңірлік даму министрлігінде, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінде қызмет еткен.

2015–2016 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысының орынбасары болған.

2016 жылдың қазан айынан бастап 2018 жылғы қаңтар айына дейін Қазақстанның Жапониядағы елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму вице-министрі болып қызмет етті.

2019 жылдың наурыз айынан қазірге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: