ҚР Үкімет аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

 ҚР Үкімет Аппараты басшысының орынбасары, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2023 16:18 Сурет: primeminister.kz
Құндызбек Әбдірасылов ҚР Үкімет Аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының жазуынша, Құндызбек Әбдірасылов 1982 жылғы 16 қарашада дүниеге келген.

Білімі:

"Әулие Ата" университетін және Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін бітірген. Ақпарат жүйелері, қаржы және құқық салалары бойынша білім алды.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2005 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша Салық комитеті Салық тіркеу бөлімінің штаттан тыс қызметкері болып бастады, осы жерде бас маман лауазымына дейін көтерілді.

  • "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, ҚР Статистика агенттігінде, Ұлттық экономика министрлігінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрінің хатшылығын басқарды.
  • 2014-2018 жылдары Астана қаласының Статистика департаменті басшысының орынбасары, департамент басшысы болды.
  • Әр жылдары ҚР қаржы министрінің, ҚР премьер-министрі орынбасарының, ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Қазіргі уақытқа дейін ҚР премьер-министрі хатшылығының меңгерушісі болып қызмет етті.

Бұрын осы лазауымда болған Асқар Жәкенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: