Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Абзалбеков жаңа қызметке тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2023 12:40 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының м.а. бұйрығымен Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Мерей Абзалбеков тағайындалды.

Абзалбеков Мерей Ягудаұлы 1982 жылы 25 маусымда туған. Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін « тарих» мамандығы бойынша бітірген, тарих магистрі.

М.Абзалбеков мансабын А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші инженері ретінде бастап, Қапшағай қаласындағы 32363 әскери бөлімде офицерлік қызметте болды.

Жастар саясаты саласында жұмыс істеді-Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту жөніндегі мемлекеттік қор директорының орынбасары, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жастар жобалары және шығармашылық бастамалары бөлімі басшысының м.а. лауазымдарын атқарды.

Алматы қаласы әкімі аппаратының құрылымында Алматы қаласы әкімі аппаратының хаттама, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және ресімдеу бөлімінің бас маманы, Алматы қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: