Балақай, бері кел! "Арсенал" футболшыларының ортақ фотосы
Getty Images
Бала алаңнан кетуі тиіс еді. Бірақ сасқалақтап, алаңда тұрып қалды.
Еуропа лигасының 1/16 финалындағы "Арсенал" мен "Олимпиакос" кездесуінің алдында алаңға футболшылармен бірге шығатын кішкентай балалардың бірі "Арсеналдың" командалық фотосына түсіп алды, деп жазады eurosport.ru.
Бұл бала футболшылардың бірімен қол ұстасып алаңға шыққан еді. Турнирдің әнұраны ойналған соң балалар алаңнан кетуі тиіс болған. Қайда бағыт алуы керек екенін білмей, абдырап қалған баланы футболшылар шақырып алып, ортақ фотоға бірге түсті.
"Арсенал" Александр Ляказетт соққан голдың арқасында "Олимпиакосты" 1:0 есебімен ұтты. Қарымта кездесу 27 ақпанда Лондонда өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript