Жаңалықтар тізбегі
0

Жер салығы өсуі мүмкін

baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2020 21:59 baq.kz
Қазіргі уақытта Жер кодексі бойынша алқаптың бос жатқаны анықталған жағдайда жер иесіне тиісті органдар салықты 10 есе артық төлеуге міндеттейді.

Жерді пайдаланбағандарға жаза күшейеді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмаған алқаптың иесіне салынатын жер салығының көлемін қайта қарауды ұсынып отыр. Аталған ведомство "шаруашылыққа тиесілі алқапқа ешқандай дақыл егілмесе, жер салығын 20 есеге дейін көтеру қажет" деп санайды. "Тіпті талапты қатаңдатып, 50 есеге дейін өсірейік" деп бастама көтергендер де бар. Бұл шаруалардың жауапкершілігін арттырып, жерді мақсатты пайдалану үшін қолға алынбақ.

Қазіргі уақытта Жер кодексі бойынша алқаптың бос жатқаны анықталған жағдайда жер иесіне тиісті органдар салықты 10 есе артық төлеуге міндеттейді.

Рүстем Құрманов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Біз бұл мәселеге қатысты екі бағытта жұмыс істеуге бекініп отырмыз. Алғашқысы ғарыштан алынған ақпарат бойынша мониторинг жасалады. Біз оны порталға орналастырамыз. Сондықтан бәрі ашық болады. Мәселен, пайдаланбаған жер қызыл түспен боялады. Яғни, кімнің жерді пайдаланып, кімнің пайдаланбай жатқаны анық көрініп тұрады. Жерді ауылшаруашылық мақсатында жұмыс істейтін шаруаларға беру қажет. Ал екінші бағытымыз салық мөлшері қайта қаралса дейміз. Жерді пайдаланбаса, оған мыңдаған қаржы төлеп, қолда ұстап отыру ешкімге тиімсіз деп ойлаймын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: