Ойын бизнесінің салығы 30 % дейін өсуі мүмкін

Ойын бизнесінің салығы 30 % дейін өсуі мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2023 14:09 Сурет: pixabay
Ойын бизнесінің салығы 30 % ға дейін өсуі мүмкін. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылардың, яхта мен жеке ұшақтарға да салық мөлшерлемесі артады.

Бұл мәселелер бүгін Үкімет сағатында талқыланып жатыр. Жиын Президент Жолдауын іске асыру шеңберінде салық саясатының және салықтық әкімшілендіруді жаңғыртудың негізгі тәсілдері мен тұжырымдамалық мәселелеріне арналған.

Еске салсақ, бұған дейін Мәжіліс депутаттары құмар ойындардың салығын сынға алған еді. Яғни букмекерлік бизнестің табысы бес жылда 35 есе өскен, деп жазады qazaqstan.tv.

Жыл сайын миллиардатаған табыс тауып отырған ойын саласының енді төлейтін салығы да өседі.

Бұдан басқа, тиімсіз салық жеңілдіктерін оңтайландыру және олардың тиімділігіне мониторинг сапасын арттыру бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: