Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан кәсіпкерлері құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл жаңадан тағайындалды

Эксперт Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2020 18:34 Эксперт Казахстан
Бұл лауазымды қызметке Рустам Жүрсінов тағайындалды.

Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілін жаңадан тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды", делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Болат Әбілқасымұлы Палымбетов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметінен босатылды.

Рустам Манарбекұлы Жүрсінов 1976 жылдың 16 ақпанында Өскемен қаласында дүниеге келді. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін (заңгер), 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (экономист), 2013 жылы - "СКОЛКОВО" Мәскеу басқару мектебін (Executive MBA) тәмамдаған.


Әр жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігіндегі заң департаменті директорының орынбасары, "GRATA" заң фирмасының серіктесі, "КМГ-Консалтинг" ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз" "Барлау және өндіру" АҚ-тың құқықтық мәселелер бойынша басқару директоры, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да заң департаментінің (басқарма мүшесі) директоры болып жұмыс істеген. ҚР ҰКП-на тағайындалуына дейін "KAZENERGY" қауымдастығының атқарушы директоры болып қызмет еткен. 2015 жылы 20 қаңтарда ол ҚР ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: