20 жастағы сары қыз 1 млн доллар тапты
Қазақстанның бірінші ракеткасы, 20 жастағы теннисші Елена Рыбакина спорттық мансабында алғашқы миллион долларын ұтып алды, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Дубайда өткен турнирдің финалына дейін жеткен Рыбакина жүлдеге 372 200 доллар алды.
2020 жылдың басынан бері оның табысы 719 632 долларға жетті. Ал жалпы, теннистен тапқан жүлделерінің сомасы миллионнан асып кетті – 1 164 376 доллар.
Күні кеше Дохада басталған Qatar Total Open турнирін де Рыбакина жеңіспен бастады: румыниялық қарсыласы Сорана Кырстяны 3:6, 6:3, 6:1 есебімен ұтты.
Тағы бір жетістік – Рыбакина 2020 жылы WTA турнирлерінде 20 матчты жеңіспен аяқтаған бірінші теннисші болып отыр.
Qatar Total Open турнирінің екінші айналымында әлемдік рейтингте 17-ші орында тұрған Рыбакина әлемнің 62-ші ракеткасы, бельгиялық Алисон ван Уйтванкпен кездеседі.
Фото: Regi Varghese/DDF Tennis