Талдықорғанда 20 минутта 4 мың құрт әзірленді

Зеленый базар, рынок, казахские национальные угощения, курт, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2026 16:55 Фото: Zakon.kz
Талдықорғанда түрлі ұлт өкілдері 20 минутта 4 мыңнан аса құрт әзірлеп, ел рекордын орнатты.

Ұлттық асты дайындауға 30-ға жуық адам ат салысқан. Акция "Алғыс айту" күніне ұйымдастырылды.

Дайын өнім қала тұрғындарына үлестірілмек, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабының өкілі елімізде бұрын-соңды мұндай рекорд тіркелмегенін айтады.

Ал ұйымдастырушылардың сөзінше игі бастама қоғамда өзара құрметті насихаттап, этносаралық келісімді дәріптеуге бағытталған.

Бізге мына ыдыста сүзбелерді үлестіріп берді. Белгіленген уақытта үлгергенімізше құрт иледік. Білім ордамыздан оқушыларымызды да алып келдік. Оларға ұлттық астың жасалу жолын үйретіп жатырмыз. Бұл шара ұлттар достығын нығайтып, өзара құрмет пен бірлікті арттыруға ықпал етеді. Любовь Кошелева, "Туған ел" облыстық татар мәдени орталғының мүшесі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: