Желіде марқұм қоғамдық белсендіні ұстау кезіндегі видео жарияланды
видеодан алынды
Полиция бұл қайғылы оқиғада азаптау әрекеті болған-болмағанына қатысты тексеру жүргізіп жатыр.
Желіде азаматтық белсенді Дулат Ағаділді ұстау кезінде түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Видеоны Ербол Еділов Телеграмм арнасында жариялады, дерек ашық көздерден алынған делінеді.
25 ақпанда азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің Нұр-Сұлтан қаласында тергеу изоляторында қайтыс болғаны туралы белгілі болды. Өлімнің алдын-ала себебі: "Жедел жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі". Полиция бұл қайғылы оқиғада азаптау әрекеті болған-болмағанына қатысты тексеру жүргізіп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript