Жаңалықтар тізбегі
0

Қауіпсіз аула: Талдықорғанда пәтер ұрыларымен күрес жүргізілуде

zakon.kz Сурет: zakon.kz
Тәртіп сақшылары көп қабатты үйлердің аулаларындағы қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Полицейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстардың алдын алу мақсатында Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласындағы көпқабатты үйлердің тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде елбасының есімі берілген Назарбаев көшесіндегі тұрғын үйдің пәтер иелерінің кооперативі көпқабатты үйдің барлық кіреберістерінің іші мен сыртына, ауласына заманауи бейнебақылау камераларын орнатқан, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тұрғындармен келісе отырып, қаладағы кәсіпкермен келісімшартқа отырдық. Барлығын тегін орнатты, енді тұрғындар ай сайын коммуналдық шығын ретінде камера қызметін төлеп отырады. Біздің үйде пәтер ұрлықтары орын алған. Енді барлығы бейнетаспаға түсіріліп тұрғанда, қылмыстар болмайды деп сенеміз. Өзге де үйлер осындай камера орнатуға ынта білдіріп отыр. Заманауи технологияларды тиімді пайдалануымыз қажет",- деді "Желание" ПИК төрайымы Лейла Имандосова.

Тұрғындардың өз үйлерінде қауіпсіздік шараларын күшейткені полиция тарапынан үлкен қолдау тапты. Өйткені, орнатылған камералар тек кіреберісті ғана емес, барлық ауладағы жағдайды көруге мүмкіндік береді.

"Облыс орталығы аумағында "Қауіпсіз аула" жобасы іске асырылуда. Учаскелік полиция инспекторлары пәтер иелерінің кооперативімен және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындар өзара келіскен жағдайда аулаларына бейнебақылау камераларын орнатады. Қазіргі уақытта қаладағы бірнеше үйге өте сапалы, көпфункциялы камералар орнатылды. Бұл шаралар қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға және қылмысты жылдам ашуға мүмкіндік береді. Артықшылығын түсінген өзге үйлердің тұрғындары да жақын арада жаңа технологияларды пайдалануға мүдделі",- деді Талдықорған қаласы ПБ бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: