Жаңалықтар тізбегі
0

Сауд Арабиясы коронавирус көп тіркелген елдер тізіміне Қазақстанды да қосып жіберген

Shutterstoc, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2020 16:09 Shutterstoc
Қазақстан коронавирус ауруы көп тіркелген елдер тізіміне қалай кіріп кеткені белгісіз.

Жеті елдің азаматтарына туристік электронды визалар беру уақытша тоқтатылды. Бұл тізімге Қазақстан да енген, деп хабарлайды zakon.kz.

Сауд Арабиясының Туризм министрлігі коронавирус аурулары көп тіркелген елдердің азаматтарына виза беруді тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы РИА Новости Сауд Арабиясының SPA ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып жазды.

Коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Қытай, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Италия және Қазақстан азаматтарына туристік электронды визалар беру тоқтатылды. Сонымен бірге бұл елдердің азаматтары Сауд Арабиясының әуежайларына келгенде туристік визаларды ала алмайды, - делінген хабарламада.

Аталған елдерде бұрын алынған туристік визаларды да олар пайдалана алмайды, демек Сауд Арабиясына кіргізілмейді. Әмірлік билігі мұны "уақытша шаралар" деп сендірді.

Электронды туристік виза алуға құқығы бар өзге 40-тан астам елдің азаматтары визаны әуежайға келгенде ала алады.

Қазақстан коронавирус ауруы көп тіркелген елдер тізіміне қалай кіріп кеткені белгісіз. Редакция бұл жайтқа байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен түсініктеме беруді сұрады. 27 ақпандағы жағдайға сәйкес, ешбір қазақстандық, соның ішінде әлемде де коронавирус инфекциясын жұқтырған жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: