Коронавирус: Өлім дерегі ең көп тіркелген елдер
![АҚШ, Үндістан, қайтыс болғандар, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2022 17:49](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-3fca30e3-2d39-4e2e-8281-f84692041a40/800x451.webp)
Джонс Хопкинс атындағы институттың мәліметтері бойынша, пандемия басталғаннан бері әлемде 328 миллионнан астам адам вирус жұқтырды, 5 539 514 науқас осы індеттің салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz
COVID-19 вирусына шалдығу деректері ең көп тіркелген елдердің қатарына АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді. АҚШ вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша бірінші тұр, онда 65 699 947 адамның covid-19 індетіне шалдыққаны анықталды. Өлім саны 850 605 болған.
Екінші орында Үндістан, онда COVID-19 расталған жағдайлардың саны 37 380 253-ке жетті, ал қайтыс болғандар саны – 486 451.
Бразилияда 23 015 128 адам ауру жұқтырды, олардың 621 327-і қайтыс болды.
Ал Қазақстанда өткен тәулікте 11 524 адамның КВИ жұқтырғаны белгілі болды . Жалпы ел бойынша ауырғандар саны бүгінгі күні 1 061 432 адамға жетті. Ал қайтыс болғандар саны – 13 081.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript