Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағуда: жаңа вирус түрі анықталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағуда: жаңа вирус түрі анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2025 12:55 Сурет: pixabay
Танзанияда Марбург вирусы өршіп тұр. Салдарынан бүгінде 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 11 қаңтардағы жағдай бойынша елдің солтүстігіндегі Кагер аймағының екі округінде Эбола тәрізді вирустың тоғыз болжамды жағдайы тіркелгенін, оның ішінде сегізі өлімге әкелгенін мәлімдеді.

Вирустың негізгі белгілеріне: бас ауруы, жоғары температура, арқадағы ауырсыну, диарея, қан құсу және әлсіздік жатады. Ал, оның асқынған түрінде несеп жолдары арқылы кету орын алады.

ДДҰ мәлімдемесінде:

"Вирустың екі ауданда анықталуы оның таралып жатқандығын көрсетеді. Оның кеш табылуы мен оқшаулаудың кеш жүзеге асырылуы, ағымдағы ахуал жайлы толық ақпарат алуға мүмкіндік бермей отыр. Сондай-ақ, вирус өзге де аймақтарда анықталады деп күтілуде".

Кеселдің өлім-жітім деңгейі жоғары — 89%. Сондай-ақ, оны жұқтырғандардың арасында Денсаулық сақтау қызметкерлері бар екендігі белгілі болды. Бұл вирустың медициналық мекемелерге жеткендігін көрсетеді.

Бұған дейін БҚО-да ауыз су сапасы тексеріліп, бірқатар сәйкессіздіктер анықталғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: