Жаңалықтар тізбегі
0

Біз коронавирустан қорықпаймыз! Ирандықтар біртүрлі флэшмоб тарата бастады

gdb.rferl.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2020 18:16 gdb.rferl.org
Флешмобты діни фанат Хаджи Хоссейни-Нежад бастады.

Ирандағы шииттер "Бізді коронавирустан қорықпаймыз!" деген флэшмобты желіге жүктеп жатыр. Видеода қасиетті Фатима Масуменің мазары басына барған ирандықтар оның темір есігін тілімен жалап, коронавирустан қорықпайтындарын айтады, деп хабарлайды zakon.kz 360tv.ru сайтына сілтеме жасап.

Шииттер (рафидиттер) халиф әулеттерінің заңдылығын мойындамайды және Омаяд мен Аббасидтерді Мұхаммедтің жалғыз заңды мұрагерлері деп есептейтін сүнниттердің антагонистері болып табылады. Олар исламға деген ықыласын білдірудің ерекше формаларын қолданады.

Флешмобты діни фанат Хаджи Хоссейни-Нежад бастады, ол бірлескен діншілдерді Фатима Масуменің қабіріндегі қоршауға қол тигізіп, оны өбуге шақырды. Кесене Ирандағы шиіттердің қасиетті қаласы - Қомда орналасқан. Өз үндеуінде ол исламға шынайы сенушілерге коронавирус жұқпайтынын, өйткені қасиетті Фатима олардың бәрін қорғайтынын айтады. Видеода бірнеше шиіт кесенің өабырғасын сүйіп, тілімен жалайды.

Уханнан шыққан індеттің негізгі жағдайлары шииттердің қасиетті қаласы Қом қаласында тіркелгенін баса айта кетелік.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: