Жақсы бір мүмкіндік бар. Біртанов коронавирустан қалай қорғануға болатынын айтты
primeminister.kz
Біз жоққа шығармаймыз, дайындалып жатқанымыз рас - министр.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жоқ екенін қайталап айтып, қарапайым кеңстерімен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның айтуынша, елімізде инфекция диагнозы ешкімге қойылмаған.
Бүгін Қазақстанда короновирус жоқ, мен оны тағы да қайталап айтамын. Ондай диагноз қойылған жоқ. Сондықтан, біз, әдеттегі вирустық инфекция сияқты, алдын-алу шараларын ұсынамыз: денсаулығыңызды күтіп, жеке гигиенаны ережелерін мұқият сақтау керек, өйткені инфекция ауа, сонымен қатар қол мен көздің шырышты қабықтары арқылы өтеді. Демек бет пен қолды сабындап жуу – қорғанудың ең тиімді тәсілі. Одан кейін сырқаттанып тұрған, қызуы көтерілген адамнан бойыңызды аулақ ұстаңыз, коронавирус инфекциясы тіркелген елдерге бармасаңыз - бұл сіздің ауырып қалмауыңыздың үлкен мүмкіндігі, - деді министр.
Біртанов қазіргі уақытта жаңа инфекцияға қарсы вакцина жоқ екенін еске салды.
Сондықтан біз науқастарды мұқият қадағалап отырамыз. ДДҰ-ның және басқа клиникалардың жариялаған әртүрлі вирусқа қарсы дәрі-дәрмек жиынтығымен танысуға болады, онда АИТВ-инфекциясына қарсы қолданылатын дәрілерді де көре аласыз. Олар Қазақстанда бар және біз оларды үнемі пайдаланамыз. Емдеу кезінде біз халықаралық стандарттар мен хаттамаларды ұстанамыз, - деді ол.
Шенеунік инфекцияны жұқтырғандар болса, одан бірден хабардар боламыз деп сендірді.
Көптеген елдерде төбе көрсеткен дертке бізде де жол берілетін болса, біз оны бірден білеміз әрі оны көпшілікке хабардар етеміз. Бізде вирустың тіркелмегеніне таң қалудың қажеті жоқ. Бірқатар басқа елдер, мысалы Ресей Федерациясында немесе Өзбекстанда да ол жоқ. Сондықтан, бұл сырттан келетін инфекция болғандықтан, вирустың тіркелген елдерден қаншалықты адамдар келіп-кетіп жатқанымен байланысты. Ал біз мүмкіндігінше жан-жақты қымтап, әуе рейстеріне дейін шектеп жатырмыз – демек, оның бізге кіруі ықтималдылығы да төмен деңгейде. Алайда вирус жайлаған елдер саны күн сайын өсіп барады, сондықтан зарарсызданған аймақта жалғыз аман қаламыз деп ойлауға тағы болмайды. Сондықтан біз қиын жағдайға дайындалып жатқандығымызды жоққа шығармаймыз, - деді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript