Жаңалықтар тізбегі
0

Девальвация туралы фейк ақпарат тараса таң қалмаймын – қаржыгер

kleo.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2020 21:45 kleo.ru
Сарапшы қатты девальвацияның ықтималдылығы ақылға қонымсыз әрі оған негіз жоқ деп санайды.

Әлемдік нарықтағы қалыптасып жатқан жағдайдың теңгенің айырбас бағамына қалай әсер ететінін болжаған Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының басқарушы директоры Олжас Төлеуов Телеграмдағы Tengenomika арнасында өз сараптамасын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сарапшы қазіргі жағдайды жалпы әлемдік экономикаға және тиісінше ұлттық валютаның тұрақтылығына әсер етуі мүмкін негізгі үш фактор негізінде қарастырады. Атап айтқанда, біріншісі - Қытай экономикасы, екіншісі – дүниежүзілік мұнай нарығы және үшіншісі - теңге бағамы.

Осы үш нарықты зерделей келе өаржыгер өз сараптамасында мынандай қорытынды жасайды:

Қазіргі уақытта "қатты девальвация болады" немесе доллар бағамы 400-ден аса пессимистік болжам 700-1300-ге дейін құлдырайды деп айтуға мүлде негіз жоқ. Ендеше бұл ойдан шығарылған үрей мен қауіп. Міне, осыны пайдаланғандар - ертең әлеуметтік желілерде белгісіз немесе өте сенімді емес ақпарат көздерінен (өткен жылы болған сияқты) теңгенің қатты құнсыздануы туралы жалған ақпарат тарап кетуі әбден мүмкін. Осыған байланысты, айтар кеңесім, дүрбелеңге бой алдырмай, кез-келген ақпаратқа сыни көзбен қарап, тұжырым жасауға асықпаңыз. Ал мұндай ақпаратты таратушылардың басты мақсаты баяғыдан мәлім, олар қымбатқа өткізу үшін долларды көптеп сатып алып қойғандар. Осыны ұмытпаңыздар. Жалпы алғанда, экономикадағы жағдай қалай өрбіп жатса да, әрине сақтықта қорлық жоқ демекші, өз басым, жинақты 50/50 (теңге/шетел валютасы) қарым-қатынасында ұстап, сақтауға кеңес берер ем, - дейді Олжас Төлеуов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: