"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ тағы да жауапкершілікке тартылды

KAZATOMPROM.KZ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2020 18:25 KAZATOMPROM.KZ
Ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу ережелерінің талаптарын бұзу фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

АҚ "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті бұрын жүргізілген тексерудің нәтижесі бойынша берілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау шеңберінде "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша ұйғарымды орындамау фактісі бойынша, атап айтқанда ядролық материалдарды мемлекеттік есепке алу ережелерінің талаптарын бұзу фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Аталған әкімшілік іс Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып, "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ-ны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: