Бекшин мектептерге карантин енгізілгелі жатыр деген қауесетті жоққа шығарды

Жандарбек Бекшин, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2020 20:09 Жандарбек Бекшин
- Санитарлық қызмет карантин енгізу туралы нұсқаулар берген жоқ, - деді ол.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мектептерге карантин енгізілгелі жатыр деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мессенджерлер арқылы коронавирустың таралу қаупіне байланысты мектептерде карантин енгізу туралы қауесет тарап жатыр. Осыған байланысты балалар демалысқа ертерек жіберілетіні де онда айтылған.

Санитарлық қызмет карантин енгізу туралы нұсқаулар берген жоқ. Тиісінше, әзірге мектеп демалысы туралы мәселе туындаған жоқ, - деді Бекшин.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: