Reuters: Ресей Сириядағы жасағын асығыс күшейтіп жатыр

vedomosti-ua.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2020 17:05 vedomosti-ua.com
Түркия Сириядағы қарулы оппозицияға қолдау көрсетіп келеді.

Ресей асығыс түрде Сириядағы әскери жасағын күшейтіп жатыр. Бұл жөнінде Reuters агенттігі хабарлайды, деп жазды centralasian.org.

Бұл ақпарат 5 наурызда Мәскеуде Ресей және Түркия президенттері Владимир Путин мен Режеп Ердоған кездесуі алдында жарияланды.

Кездесу Идлибте жағдай ушыққан тұста өткелі жатыр. Сирия президенті Башар Асад армиясы Ресей қолдауымен қарулы оппозицияға қарсы шабулды жалғастырып жатыр. Қақтығыс кезінде түріктің 30-дан астам сарбазы қаза тапқан. Ал Түркия болса, Сириядағы қарулы оппозицияға қолдау көрсетіп келеді.

Reuters агенттігі ақпаратына қарағанда, Босфор бұғазы маңында Ресей теңіз және әуе күштерін күшейтіп жатыр. Алты күн ішінде Мәскеу Босфор арқылы бес кемесін жіберген. Бірақ ресми түрде екеу деп айтылады.

4 наурызда Түркия президенті Режеп Ердоған Мәскеудегі келіссөздерден кейін Идлибте соғыс тоқтайды деп үміттенетінін жеткізді.

Мәскеу де өз кезегінде жағдай жақсарады деп есептейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: