Иран коронавирусқа байланысты 54 мыңнан астам тұтқынды түрмеден босатты

dw.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2020 18:42 dw.com
Мұндай "бақытты" мүмкіндікке ие болған сотталушылар кепіл ақша төлеуге мәжбүр.

Иран 54 мыңнан астам тұтқынын түрмеден уақытша босату туралы шешім қабылдады. Осылайша, үкімет түрмеде коронавирустың таралуына қарсы күресуге тырысуда, деп хабарлайды zakon.kz.

Иранда коронавирустық індет елдің барлық аумағында таралды. Онда 92 адам вирустың құрбаны болды. Бір күнде 586 инфекция тіркеліп, оны жұқтырғандар саны 2922-ге жетті. Қытайдан басқа әлемдегі ешбір елде Ирандағыдай кісі өлімі көп болған жоқ.

Rtvi.com сайтының хабарлауынша, коронавирусты тексергенде теріс нәтиже бергендер түрмеден босатылды. Сонымен қатар, сотталушылар кепіл ақша төлеуге мәжбүр болған.

Айта кету керек, бұл шараға жасаған қылмыстары үшін жазасы бес жылдан аса мерзімге сотталғандар енбеді.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы тіркелгені туралы 19 ақпанда хабарлады.

Иранның Жоғарғы лидері, аятолла Әли Хаменеи тұрғындарды Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауларын орындауға, ал Иран билігінен вирустың таралуын жасырмауға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: