Челах әлі тірі екен – ІІМ қауесетке жауап берді

Inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2020 20:35 Inbusiness.kz
Владислав Челахтың өзін-өзі өлтіргені туралы қауесет тарады.

ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі өмір бойына сотталған Владислав Челах қайтыс болды деген қауесетке түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

– Ақпарат шындыққа жанаспайды. Сотталған Челах тірі, дені сау. Ол бұрынғыдай төтенше қауіпсіздік мекемесінде отыр. Десаулығына байланысты шағым түсірген жоқ, - делінеді ҚАЖК хабарламасында.

Бұған дейін Челах өзіне өзі қол салып, қайтыс болып кетті деген қауесет тарап, журналистер түрмедегі Челахпен кездесіп қайтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: