Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавирустың кесірінен Алматыда қоғамдық көліктер саны шектелуі мүмкін

time.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.03.2020 18:56 time.kz
Алып шаһардағы ахуал Қытайдан алынған автобустарға қатысты.

Коронавирустың кесірінен Алматыдағы бірқатар қоғамдық көлік жүрісін тоқтатуы мүмкін. Себебі, автобустарды жөндеуге қажетті Қытайдан әкелінетін қосалқы бөлешектер елге жеткізілмей жатыр. Кейбір тасымалдаушы компаниялар мәселе дер кезінде шешілмесе, қоғамдық көлік қозғалысы қиындыққа тап болады дейді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алып шаһардағы ахуал Қытайдан алынған автобустарға қатысты. Алайда қалалық әкімдік тасымалдаушылар тарапынан алаңдаушылық туындағанын жасырмаса да, қара аспанды төндіруге негіз жоқ деген сенімде. Әкімдік өкілінің айтуынша, қаладағы автобус парктерінде қосалқы бөлшектер кемі екі айға жетеді. Оның үстіне шенеуніктер мегаполистегі қоғамдық көліктердің 20 пайызы ғана Қытайдан сатып алынғанын айтады. Ал "Ресей, Өзбекстан және өзге елдерден алынған автобустарға қатысты еш мәселе жоқ", - дейді әкімдіктегілер.

Әсет Төлеуішов, Алматы қалалық Мобильділік басқармасының бөлім басшысы:

- Қазірге уақытта Қытайда болған коронавирус жағдайына байланысты ол жақтан қосалқы саймандар кішкене кешігіп келіп жатыр. Дегенмен біздің автобус парктерінде бір жарым, екі айға жеткілікті қосалқы бөлшектер бар. Осы 16-шы наурыздан кейін тағы қосымша бөлшектермен тағы бір контейнер келеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: