Жаңалықтар тізбегі
0

"Астана процесі" Сирияны құтқара ала ма?

BNews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2020 16:20 BNews.kz
Сириядағы дағдарыс пен оның шешешіміне қатысты Анкара, Мәскеу, Тегеран ұстанымдары мен мүдделері әртүрлі.

ҚР Тұңғыш президентінің баспасөз қызметі Н.Назарбаевтың РФ Президенті В.Путинмен "Сирия мәселесі бойынша өткен Түркия-Ресей келіссөздерінің нәтижелері туралы пікір алмасқандықтарын және "Астана процесінің" маңызды рөлі туралы айтылғанын" хабарлаған болатын.

РФ Президенті В.Путиннің баспасөз қызметі де аталған сұхбатта "Сирия дағдарысы" мәселесінің көтерілгенін баяндады.

Ал Түркияның президенті Р.Т.Ердоғанның баспасөз қызметі, төртінші наурызда "Ердоғанның Мәскеуге жасайтын бір күндік сапарында әріптесі Путинмен Идлип пен Сирияға қатысты күнтәртібін қарастыратынын" мәлімдеген болатын.

Басқасын айтпағанның өзінде, осы үш орталықтың ресми хабарламалары-ақ, Сирия дағдарысының әлемдік геосаясаттың басты тақырыбы ретінде әлемнің назарын өзіне аударып тұрғанын аңғартады.

Бесінші наурызда Мәскеуде өткен түрік-орыс келіссөздері (алты сағаттық) нәтижесінде Идлипте қарулы қақтығыстың тоқтатылуы, Сириядағы дағдарыстың саяси жолмен шешілуі, Сирияның тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтау, терорлық ұйымдармен күрес, халыққа гуманитарлық қызмет көрсету туралы мәлімдеме жасалса да, аймақтағы шиеленіс пен дағдарыс түбегейлі шешілген жоқ.

Р-Т. Ердоған Мәскеу сапарынан соң журналистерге берген сұхбатында "Сирия режимі келісімді бұзып, шабуыл жасайтын болса шұғыл жауап беретіндерін" мәлімдеді.

Басқаша айтқанда, бұл аймақта қырғиқабақ салқындық пен ықтималды арандатушылық жағдай күрделі әрі ушығып тұр" деген сөз.

Сириядағы дағдарыс пен оның шешешіміне қатысты әр орталықтың (Анкара, Мәскеу, Тегеран) ұстанымдары мен мүдделері әртүрлі. Процеске АҚШ, Израиль, ЕО, Қытай өз тарапынан ықпал етуге тырысады. Бірақ соған қарамастан, Мәскеу келіссөздерінде Ердоған мен Путин басқа да мәселелермен қатар "Астана процесін" жалғастыратындарын мәлімдеді.

Біздіңше, біраз мәселенің түйіні осы "Астана процесі" ұғымының төңірегінде шоғырланған.

Байқасаңыз, Идлиптегі соңғы қарулы қақатығыс, яғни, Асад биілігінің түрік конвойына шабуыл жасауы, 33 түрік жауынгерінің қазасы, түрік тарапының қарымта шабуылы, Асадшылардың (есептерінен жаңылып) бірнеше күннің ішінде тас-талқан боп шығынға ұшырауы т.б. наурыз айында өтеді деп жоспарланған "Астана процесінің" қарсаңында орын алып отыр. Сондай-ақ тараптардың мәлімдемесінен және олардың ортақ мүдделері тұрғысынан "Астана процесіне" үміт артатыны анық аңғарылады.

Міне, Сириядағы дағдарысты реттеу мәселесі бойынша Қазақстанның миссиясы - "Астана процесінің" 15-раунды биыл да осындай күрделі шарттарда өтпек.

"Астана процесі" осы үміттерді ақтай ала ма? Тығырықтан шығу жолын таба ала ма? Негізі мәселе осы! Бірақ, бүгінде мына мәселенің маңызы айшықтала түскені анық, ол - Женева келіссөздерін толықтыруды көздейтін "Астана процесінің" Сириядағы жанжалды реттей алатын негізгі платформаның бірі әрі бірден-бір форматы ретінде өз маңызын айқындата түсуі әрі халықаралық қауымдастықта Қазақстанның миссиясын мығымдай түсуі.

Бұған Сирия бойынша ұстанымдары бөлек болғанына қарамастан кепілгер елдер де, процеске қатысушы өзге топтар да, БҰҰ секілді халықаралық ұйымдар да мүдделі.

Нұрғали Жүсіпбай

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: