Жаңалықтар тізбегі
0

Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2020 23:05 primeminister.kz
Үкімет басшысы Ұлт жоспары мен ҚР Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын толық және сапалы іске асыру бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен және ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында "Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам" ұлт жоспары мен ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын (ЖҰЖ) орындау барысы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, энергетика министрі Н. Ноғаев, сыртқы істер министрі М. Тілеуберді, сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова баяндады.

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін оларды алу тетіктерін күшейте отырып, өндірістік қызметке тарту жұмыстарын жандандыру, ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту, балалар үшін спорт инфрақұрылымын қолжетімді ету жөніндегі шаралар, сондай-ақ Дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы қаралды.

Үкімет басшысы Ұлт жоспары мен ҚР Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын толық және сапалы іске асыру бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Бірінші кезекте экономиканың басымдықты секторларындағы жаңа ірі жобаларға инвестиция тарту көлемін арттыру, инвестициялық ахуалды жетілдіру, мемлекеттік басқару реформасын жүргізу, салық жүйесін жаңғырту және т. б. бойынша тармақтарға ерекше назар аударылды.

"Жалпы, басымдықты салаларда жаңа жобаларды құру үшін зәкірлі инвесторларды тарту бойынша жұмысты жандандыру қажет", — деді Асқар Мамин.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: