Бүгін елімізде тағы екі коронавируспен ауыратын науқас анықталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2020 18:10 zakon.kz
Жалпы, бүгінде елімізде коронавирус бойынша 6 жағдай тіркелді.

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның тағы екі дерегі тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

Біреуі - Алматыда, екіншісі - Нұр-Сұлтанда.

"Коронавирустық инфекцияның тағы бір жағдайы Алматы қаласында анықталды. Ол 1958 жылғы ер адам, жеке кәсіпкер, 10 наурызда Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Тағы бір науқас - әйел адам. Ол Варшавадан Нұр-Сұлтанға ұшып келген, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Жалпы, бүгінде елімізде коронавирус бойынша 6 жағдай тіркелді.

13 наурызда Денсаулық сақтау министрлігі Германия мен Италиядан келген төрт адамнан коронавирус анықталғанын жариялады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: