Жаңалықтар тізбегі
0

Лукашенко: Коронавирус деп елдің бәрі жындана бастады

gazeta.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2020 22:20 gazeta.ru
Біз нешеме түрлі вирустарды бастан кешірдік, бұдан да аман өтеміз.

Беларусь президенті Александр Лукашенко жергілікті билік басшыларын коронавирусқа байланысты дүрбелеңге салынбай, жұмыс істеуін жалғастыруға шақырды, деп хабарлайды zakon.kz BelTA-ға сілтеме жасап.

Қиындықтар көп. Көріп отырсыздар: әлем коронавирус деп жындана бастады немесе коронавирус туралы барлық пайымдар мүмкін де шығар. Бірақ біз үшін бұл басты және қорқынышты нәрсе емес. Біз нешеме түрлі вирустарды бастан кешірдік, бұдан да аман өтеміз. Бұдан да қиын вирустар болған: шошқа тұмауы, құс тұмауы және SARS пневмониясы. Қайдан шықты бұлар деп бәрі ахілеп-улеген кезінде тура осылай, - деп атап өтті Александр Лукашенко.

Президенттің айтуынша, Беларусь қауіп-қатерлерге лайықты деңгейде қарсы тұруда. Дәрігерлер ұзақ уақыт бойы мақсатты шаралар қолдануда, ал беларусьтықтардың өздері бұл жағдайда сабырлылық танытып, өзін дұрыс ұстауда.

Біз үшін ең үлкен мәселе (проблема емес, жауапкершілік) - бұл экономика. Өкінішке орай, коронавирусқа қатысты теледидардағы барлық жылтың-жылтың еткен жаңалықтар экономикаға айтарлықтай әсер етуде. Тіпті, біздің туған Ресей, астын сызып тұрып көрсете кетейін, Беларусь елімен арадағы шекараны жауып тастады, - деп атап өтті ол.

Сонымен бірге, ол Беларусь еліндегі жағдай біршама тыныш екенін, керісінше Ресейде коронавирус өршіп тұрғанын атап өтті.

Сондықтан кім кімді жабуы керек. Риторикалық сұрақ па, - деп қосты президент.

Айта кетелік, бүгін РФ Беларусь Республикасымен арадағы шекараны жапты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: