Жаңалықтар тізбегі
0

Дариға Назарбаева да коронавирусқа байланысты үндеу жасады

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2020 17:39 Ж.Құспанов
Д.Назарбаева: Бүгін бізге өзара жауапкершілік, ынтымақтастық және өзара көмек қажет!

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева коронавирус індетіне байланысты "үрейлі көңіл күй, қауесет пен жалған ақпарат таратуға үзілді-кесілді тоқтау салу керек", деп мәлімдеді. Оның сөзінше, "дүрліктірушілер мен арандатушылар – короновирустың өзі сияқты біздің дұшпанымыз", деп хабарлайды zakon.kz.

Құрметті қазақстандықтар!

Еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаев енгізген төтенше жағдай - уақтылы және қажетті шара.

Біздің ортақ мақсатымыз - коронавирус инфекциясының таралуымен күресу, оның Қазақстан экономикасына және адамдардың өміріне теріс ықпал етуінің алдын алу.

Барлық мемлекеттік қызметтер, әкімдіктер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және халықты барлық қажетті заттармен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін шешуге жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта медицина қызметкерлеріне барынша көмек пен қолдау көрсету қажет - олар осы аурумен күрестің алдыңғы қатарында, адамдардың өмірі мен денсаулығы олардың кәсібилігі мен жауапкершілігіне байланысты.

Біз құқық қорғау органдарының әрекеттеріне және төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты шектеулерге түсіністікпен қарауымыз керек.

Мемлекеттік органдардың міндеті - пандемия және онымен күресу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы ақпараттың барынша ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз ету.

Үрейлі көңіл күй, қауесет пен жалған ақпарат таратуға үзілді-кесілді тоқтау салу керек. Дүрліктірушілер мен арандатушылар – коронавирустың өзі сияқты біздің дұшпанымыз.

Пандемиямен күресудегі біздің ортақ жетістігіміз, бірінші кезекте, бүкіл қоғамның, еліміздің барлық азаматтарының, біздердің, қазақстандықтардың жауапкершілік ұстанымына байланысты. Тыныштықты, тәртіпті, гигиенаны сақтау, оқшаулану, өзіңізге және жақын адамдарыңызға қамқорлық жасау - вируспен күресудің басты құралы.

Бүгін бәрімізге ынтымақтастық және өзара жауапкершілік пен көмек қажет.

Өзіңізді және жақын адамдарыңызды күтіңіздер.

Бәріміз бірге жеңеміз!

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты қалыпты режимде жұмыс істейді. Алайда, коронавирустың алдын-алуға байланысты, депутаттардың негізгі жұмысы комитеттерде топтастырылатын болады. Сенаторлар заң жобаларымен жұмыс жасайды және парламенттік тыңдауларға материалдар жинайды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Д. Н. НАЗАРБАЕВА.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: